Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ

 

Үздік мектеп

 


Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі өзінің бастауын 1864 жылдан алады. Осы жылы Ақтөбе облысының аймағында бірінші рет Ырғыз бастауыш қазақ мектебі ашылды. Бұл мектептің мұғалімі болып Орынбасар шекара комиссиясының мектебін Ы.Алтынсаринмен бірге бітірген Шахмұрат Құлбеков қызмет атқарды.
Мектепке Ыбырай Алтынсаринның есімі 1972 жылы берілді. Бізге жеткен деректерге сүйенсек Қазақстанда кеңес үкіметі орналасқаннан кейін, яғни 1920 жылы мектептің алғашқы директоры болып И.Киселев тағайындалып, мектеп Совет еңбек мектебі деп аталған. Онда 150 бала оқып білім алған. 1920-1940 жылға дейін мектепті Иван Киселев, Мұса Дайрабаев, Оспан Сарбатыров, Огофия Георгиева Назаренко және Баудияров Төлеп сынды азаматтар басқарған.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін әр жылдары «Алтын» және «Күміс» медальдермен марапатталып, қазірде ғылыми атақтар бар азаматтар көптеп саналады.
Мектебіміздің әр жылғы түлектері қазірде түрлі салада жұмыс жасап, атақ-абыройға ие болуда. Олардың арасында химия ғылымдарының кандидаты Жылқаманова Клара, математика ғылымдарының кандидаты, доцент Хасен Отаров, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нағашыбай Ақатаев, биолгия ғылымдарының докторы Әбдіқадыр Сәрсенов, техника ғылымдарының докторы математик Мырзағали Төлегенов ( марқұм), ақын Қуаныш Ахметов, еркін күрестен Қазақстан Республикасының бас бапкері Бауыржан Нұрмаханов т.б бар.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі бүгінгі таңда облыс көлеміндегі тарихы мол, іргелі білім шаңырағы болып саналады. Мектепте 91 мұғалім, 563 бала білім алуда. 3 мектеалды даярлық сыныбы жұмыс жасайды ,оған 63 оқушы тартылған. Мектеп ұлттық тәрбиедегі білім, экономика негізіндегі бағыт бағдар беру бойынша жұмыс жасайды.
Мектепте мультимедиа қондырғымен жабдықталған компьютер класы, халықаралық интернет жүйесі, жаңа үлгідегі физика,биология,химия кабинеттері жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары жылма-жыл аудандық пәндік олимпиадасында жеңімпаз болып, облыс көлеміндегі түрлі білім бәсекесінде топ жарып жүр. Мектепте өздерінің ұстаздық еңбегімен көрініп, шәкірттерге терең білім, саналы тәрбие беруде жаңашылдығымен, ізденімпаздығымен көрініп жүрген мұғалімдер көп.Мектептің педагогикалық ұжымы Білім Заңын басшылыққа ала отырып, шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасауда. Оқушылар жүрегіне жол таба білген тәжірибелі ұстаздар аудан көлемінде есімдері мақтанышпен айтылады. Олардың қатарында математика пәні мұғалімі «Құрмет белгісі» орденінің иегері Күлайым Ізетова, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалының иегері дайындық сыныбының мұғалімі Айымкүл Жұмабаева, қазақ тілі пәні мұғалімі Тұрғанбаева Даме,, биология пәні мұғалімі Аманша Идирисова, бастауыш сынып мұғалімдері Әжмағанбет Даржан,Ержанова Науат,Ыбыраева Сәулелер бар. Мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жайшылықова Жанар облыстық жас мамандар арасында өткен сайыста І орынды жеңіп алды.
Бірыңғай ұлттық тест бойынша 2006 жылы мектебіміздің озат оқушысы Алтыншаш Мырзалина 106 балл жинап, «Алтын белігіге» ие болса, 2007 жылы Әсел Толықбаева 107 балл жинап «Алтын белгімен» маратаптталды. 2008 жылы 111 балл жинаған Рысмағанбетова Ақерке осы топтың қатарында.2010/11 оқу жылында Бақытжанқызы Бақшагүлі 119 балл жинап Алтын белгі иегері атанды.
2006/2007 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестке 65 оқушы қатысып, ортақ балы 60,1 болды,2007/08ж-62,81,2008/09ж-80,3,ал 2009/10 ж-77,7, 2010/11,2011/12ж- 72,7, 2012/13ж- 63,6 балл,2013/2014жылы орташа балл 70 болды.
2013/2014 оқу жылында облыстық олимпиада да 10 сынып оқушылары Амангелдіқызы Гауһар қазақ тілінен ІІ орын,Қуанышбаева Ақмарал тарих пәнінен ІІ орын, 11 сынып оқушысы Русланқызы Асылзат орыс тілінен ІІІ орын, 10 сынып оқушылары Саудағалиева Д,Елкей А,Алмас А,11 сынып оқушысы Амантайұлы Р грамоталармен марапатталды. Республикалық және облыстық ғылыми жоба байқауында 10 сынып оқушылары Саудағалиева Диана мен Қуанышбаева Ақмарал І орын, 8 сынып оқушылары Қуаныш Ақтоты ,Мырзахметқызы Таңшолпан ІІ орынға ие болды.
2009 жылы мектеп облыс бойынша үздік атанған 20 мектептің қатарында болып ,облыс әкімі тағайындаған білім грантына ие болды.
Облыс әкімінің білім грантын мектеп бойынша 20 мұғалім иеленді.

 

Мектеп директорлары

1. Құлбеков Шахмұрад - 1879 ж- белгісіз
2. Киселев Иван 1920-1927 жж
3. Сарбатыров Оспан 1927-1930 жж
4. Назаренко Огофья
Григорьевна 1930-1933 жж
5. Дайрабаев Мұса 1933-1939 жж
6. Тәлкеев Аяп 1941-1947 жж
7. Баудияров Бердібай 1947-1954 жж
8. Ишанов Сапа 1954-1961 жж
9. Байманов Итемген 1961-1969 жж
10. Әмірханов Кәрім 1969-1982 жж
11. Айтқұлов Қуаныш 1982-1987 жж
12. Оразымбетов Сейілхан 1987-1989 жж
13. Бектұрғанов Мейрамбек 1989-1992 жж
14. Айманов Болат 1992-2007 жж
15. Сәуірбай Зейнолла 2007 жылдан
16. Жарекин Арман. 2013жылдан

 

Мектептегі түлектері-ғалымдар

1.Төлегенов Мырзағали- математика ғылымының докторы, профессор.

2.Жылқаманова Клара – химия ғылымдарының кандидаты.

3. Ақатаев Нағашыбай- медицина ғылымының докторы, профессор.

4.Сәрсенов Әбдіқадыр - биология ғылымының докторы.

5. Отаров Хасен- математика ғылымының кандидаты, доцент.

6.Есназарова Жанна- химия ғылымының кандидаты, доцент.

7.Бекенов Құдайберген-медицина ғылымының докторы

8.Аймағанбетова Қазына-биология ғылымының докторы.

 

Мектепті медальмен бітіргендер.

 1.Бохаев Әмірхан - 1946ж. Алтын
2.Сейітова Клара -1954 ж. күміс
3.Құлмағанбетова Үміт -1967 ж. Алтын
4.Сәрсенбаева Жанна -1973 ж. Алтын
5.Баудияров Батырбек -1974 ж Алтын
6.Ниязбаева Сәуле-1971 ж. Алтын
7.Сәрсенбаев Асқар – 1981 ж. Алтын
8.Мұхтарова Айнагүл -1986 ж Күміс
9.Шәмиева Айгүл -1991 ж Алтын
10.Мырзалина Алтыншаш – 2006ж
11.Толықбаева Әсел – 2007 ж
12.Рысмағамбетова Ақерке-2008 ж

 

Мектепті үздік аттестатпен бітіргендер

1.Ержанов Нұрқасым 1994 ж
2.Оралбаев Ғани 1997 ж
3.Тұрарова Гүлжанат 1997 ж
4. Таңқаев Нұри 1998 ж
5.Құмақова Жұлдыз 1999 ж
6.Сағынғанов Серік 1999 ж
7.Қасымхан Лаура 2000 ж
8. Сағынғанов Мейрамбек 2000 ж
9.Сақтағанова Ақнұр 2000 ж
10.Саудағалиева Ботакөз 2000 ж
11.Әлішова Сәуле 2000 ж
12.Нұралина Бота 2000 ж

 

Мектептегі марапатқа ие болған мұғалімдер

1. Жарылғапрв Алдан –Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі.
2.Баудияров Бердібай –Қазақ ССР-нің оқу ісі мұғалімі
3.Байманов Итемген – Қазақ ССР-нің оқу ісі үздігі.
4.Әмірханов Кәрім -қазақ ССР-нің оқу ісі мұғалімі.
5. Айтқұлов Қуаныш –халық ағарту ісінің мұғалімі.
6.Шаңғытбаев Бүркітәлі –қазақ ССР-нің оқу ісі үздігі
7.Ізетқызы Гүлайым – аға мұғалім, «Құрмет белгісі» ордені иегері. 1994
8.Жұмабаева Айымкүл – «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі.
9.Тәңірбергенова Мариям –Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі
10.Тұрғамбаева Даме -ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

Алтын белгі иегерлері

1. Мырзалина Алтыншаш – 2006ж
2.Толықбаева Әсел – 2007ж
3.Рысмағамбетова Ақерке – 2008ж
4. Бақытжанқызы Бақшагүлі –2011ж
5. Саудағалиева Диана - 2015ж
6.Елкей Ақбала – 2015ж
7.Батырбек Назгүл – 2015ж

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 

Мектептің аты

Ашылған жылы

Мектеп директорлары

1

Ырғыз уездік екі кластық орыс-қазақ училищесі

1879 ж

Ш.Құлбеков

2

Совет еңбек мектебі

1920 ж

И.Киселев

3

4 жылдық №1 қазақ мектебі

1933 ж

О.Сарбатыров

4

4 жылдық №2 татар мектебі

1933 ж

О.Б.Назаренко

5

7 жылдық коммунналар мектебі

1934 ж

М.Дайрабаев

6

10 кластық қазақ орта мектебі

1935 ж

М.Дайрабаев

7

И.Сталин атындағы қазақ орта мектебі

1940-1961 жж

Тәлкеев Аяп
Баудияров Бердібай

8

Ырғыз қазақ орта мектебі

1961-1972 жж

Байманов Итемген
Әмірханов Кәрім

9

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

1982-1986
1986-1988

1988-1992

1992-2007
2007 -2013ж

2013ж

Айтқұлов Қуаныш
Оразымбетов Сейілхан
Бектұрғанов Мейрамбек
Айманов Болат
Сәуірбай Зейнолла
Мұхайысұлы
Жарекин Арман Мырзахметұлы