Мектебімізде әлеуметтік педагог Ұ.Жасақованың ұйымдастыруымен "Досыңа ойыншық сыйла" қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: 1-8 сыныптар арасында қандай да бір ойыншықтарды әр сынып білім алушылары мүмкіндігіне қарай табыстау. Осы акцияға белсенділік танытқан 1 «а» сыныбы 19 ойыншық табыстады. Сонымен қатар 4 «б»,6 "б" ,7 «б»,5 «б»,5 «а» сыныптары ат салысты. Акциядан жиналған түрлі ойыншықтарды Ырғыз аудандағы педагогикалық-психологиялық түзету кабинетіндегі балаларға табысталды.